Таразда өрт шыққан үйден 38 адам эвакуацияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Таразда өрт салдарынан тоғыз қабатты үйдің тұрғындары эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт жұма, 11 мамыр күні сағат 07.29-да шыққан.

«Өрт төртінші қабатта 5 шаршы метр аумақта қосалқы бөлмеден шыққан. Құтқарушылар 3 адамды құтқарып, 38 адамды, соның ішінде 12 баланы эвакуациялады», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Тілсіз жау 07.42-де ауыздықталып, 07.45-те толығымен сөндірілді.

Өрттің алдын ала шығу себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы.

Жалынды ауыздықтауға Жамбыл облыстық өрт сөндіру қызметінің 11 қызметкері тартылды. 4 арнайы өрт сөндіру техникасы қолданылды. 

Соңғы жаңалықтар