Таразда несие кеңесшісі алаяқтық жолмен тұрғындардың 4 млн теңгесін иемденген

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараздық полицейлер 21 алаяқтық жағдайына қатысы бар ер адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тараз қаласы Полиция басқармасының бірінші полиция бөлімі тергеу бөлімшесінің қызметкерлері алаяқтықтың бірнеше дерегін ашты.

Полицияға Жамбыл облысының аудандарының тұрғындары хабарласып, 2020-2021 жылдар аралығында Тараз қаласының аумағындағы «Технодом» сауда үйінде орналасқан «Хоум Кредит Банк» акционерлік қоғамының 27 жастағы несие кеңесшісінің іс-әрекетінен зардап шеккендері туралы шағымданған.

«Ұялы телефон сату сылтауымен өз клиенттерінің сеніміне кіріп, жас жігіт бірнеше рет қылмыстық құқық бұзушылық жасаған. Алаяқтықтың жалпы шығыны 4 миллион теңгеден асады.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды»,-делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Тәртіп сақшыларымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің нәтижесінде жоғарыда аталған несие кеңесшісі ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Осы алаяқтың құрбаны болуы мүмкін өзге де адамдар анықталуда.


Соңғы жаңалықтар