+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

Таразда мұнаралы кранға шығып, секірмек болған әйел құтқарылды

2021 жылғы 21 қыркүйек 14:28
Бөлісіңіз:
Таразда мұнаралы кранға шығып, секірмек болған әйел құтқарылды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараздық полицей биік мұнаралы кранға шығып, секірмек болған әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Өскеменде жеңіл көлік пен трамвай соқтығысты Ақмола облысында жасөспірімді пышақпен қорқытқан 60 жастағы ер адам ұсталды Батыс Қазақстанда екі автокөлік соқтығысып, жүргізуші ауруханаға түсті

Тараз қаласының Полиция басқармасы Жедел басқару орталығының кезекші бөліміне «102» телефонына хабарлама түсіп, қоңырау шалушы облыс орталығындағы 15 шағын ауданның аумағында белгісіз әйел биік құрылыс кранынан секірмек болып жатқанын айтқан.

ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына дереу аттанған патрульдік экипаж құрылыс кранының ең биік жерінде отырған әйелді көреді. Полиция қызметкерлерінің бірі ойланбастан кранға тез көтеріліп, әйелді өміріне қауіп төндіретін әрекетті жасамауға шақырған. Ұзақ жүргізілген сөйлесуден кейін, полицей оны көндіріп, төмен түсуіне көмектескен. Тәртіп сақшылары әйелдің мас күйде болғандығын анықтады. Полицейлер оны көрсетілген мекенжай бойынша үйіне апарып, профилактикалық түсіндіру жұмыстарын өткізді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT