+7 (701) 759 90 19
USD 421.91 EUR 511.57
RUB 5.59 CNY 65.2
Jańalyqtar

Таразда моншаның шатырынан шыққан өрт кафе мен дүкенге жайылды

2020 жылғы 28 қараша 12:10
Бөлісіңіз:
Таразда моншаның шатырынан шыққан өрт кафе мен дүкенге жайылды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараз қаласы Қойгелді көшесіндегі жеке үйдің аумағында орналасқан моншаның шатырынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Петропавлда тұрғын үйде болған өрттен 4 адам құтқарылды Оралда тұрғын үйдегі өрт орнынан қарияның мәйіті табылды Қарағанды облысында өртенген үйдің үшінші қабатынан әйел адам секіріп кетті

Өрт тұрғын үйдің шатырына тез тарады, содан кейін жанындағы «Санабар» кафесі шатырына және бір-біріне жақын бекітілген «S-marquet» дүкенінің шатырына жайылған.

Оқиға туралы хабарлама Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші қызметіне 19 сағат 19 минутта түсті. Өрт болған жерге алғашқы топ бес минутта жетті.

Өртті сөндіруге 70 өрт сөндіруші мен 8 мамандандырылған техника, оның ішінде 6 өрт сөндіру цистернасы жұмылдырылды.

Оқиға орнында полиция, Ұлттық ұланның әскери қызметкерлері, жедел жәрдем, қалалық су шаруашылығы мекемесі және электр жүесі қызметі жұмыс істеді.

Қаза болғандар және зардап шеккендер жоқ. Жалпы ауданы 500 шаршы метрді құрайтын өрт өрт сөндірушілер бір сағаттың ішінде сөндірілді.

Өрттің алдын ала себебі - мұржаның дұрыс орналаспауы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT