Таразда Мемлекеттік рәміздер күніне орай ерекше акция өтті

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласында ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай ерекше акция ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Тараз қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Тараз қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Елтаңбам – елдігім, көк туым – теңдігім!» атты патриоттық акция өтті. Акциясы аясында авто-мото-велошеру ұйымдастырылды.

Қаладағы «Жастар» аллеясындағы «Сахна» алаңшасынан бастау алған шеруге қатысушылар Тұңғыш Президент саябағына дейін орталық көшелермен екі бағыт бойынша жүріп өтті.

Онда 12-6 метрлік алып туды 30 волонтер ұстап жүрсе, одан бөлек 30 әуесқой велошабандоз, 20 мотобайкер, 40 автокөлік қамтылды. Көліктердің алдына түрлі көлемдегі ту ілінді.

Қатысушылар Тұңғыш Президент паркінде түйісіп, сол жерде мемлекеттік әнұранды бірге әуелете шырқады.

Сондай-ақ, осы күні «Қасиетті көк байрағы елімнің!» атты акция аясында облыс орталығының басты көшелеріндегі 15 тұрғын үйдің қасбетіне 60 Мемлекеттік Ту ілінді.

Мұндай шаралар облыстың барлық аудан орталықтарында да ұйымдастырылды.


Соңғы жаңалықтар