Таразда медиа форум өтті

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараз қаласында «Жаңа медиа және болашақ» атты медиа форум өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

Медиа форумға белгілі блогер, журналист Өркен Кенжебек модераторлық жасады. Оған өңірдегі БАҚ басшылары, тілшілер, баспасөз қызметінің өкілдері және журналистика мамандығының студенттері қатысты.

«Бүгінгі форум ақпараты таратудың жаңа тәсілдері, әлемдік трендтегі тақырыптардан қалыс қалмау, көрермен мен оқырман тартудың жаңа жолдары айтылатын болады. Бүгінде Жамбыл облысының БАҚ өкілдері, жергілікті атқарушы органдары да жаңа медияның игілігін көруде. Барлық аудан әкімдіктері мен облыстық басқармалардың  интернет сайттары, әлеуметтік желілерде  арнайы парақшалары бар. Оны тұрақты жүргізіп отыру үшін арнайы мамандар бекітілген,  - деген облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Құрманғали форум жұмысына сәттілік тіледі.

Жиында сөз алған спикерлер қатарында «Astana» телеарнасы «Біздің уақыт» бағдарламасының жүргізушісі Жайна Сламбек, «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті бас редакторының орынбасары Қамбар Ахметов, «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының жетекшісі Есенгүл Кәпқызы, «Qazaqstan» телеарнасының жүргізушісі, «Біліммен бөліс» жобасының авторы Нұрмұхамед Байғара бар.
null 

«Жаңа медиа алғаш пайда болғанда дәстүрлі медия өкілдері тосырқай қарағаны жасырын емес. Блогерлер мен газет, телеарна журналистерінің тілшілерінің арасында біраз түсініспеушіліктер орын алған болатын. Бірақ уақыт өте келе нарық бәрін реттеді. Жаңа медиа дәстүрлі журналистикаға көмекші құрал ретінде оң әсер ете бастады. Ендігі кезекте газеттер уақыт талабына сай болуы үшін жаңа медианың көмегіне сүйенуге тура келеді. Біз сайт арқылы газеттің аудиториясын кеңейтуге жұмыс істеудеміз. Әлеуметтік желідегі жарияланымдар мен пікірлерді сараптап, қоғамның пікіріне құлақ түріп отырамыз», - деді «Egemen Qazaqstan»  жалпыұлттық газеті бас редакторының орынбасары Қамбар Ахметов.

Авторы: Ғибрат СЕМБАЙ

 
Соңғы жаңалықтар