Таразда мас күйінде жол апатын жасаған полиция подполковнигі жұмыстан қуылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараз қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің бөлім басшысы, подполковник У.Сексенбаев қызметтік тәртіпті қатаң бұзғаны үшін жұмысынан босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жамбыл облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жүргізілген қызметтік тексеріс нәтижесінде полиция подполковнигі қызметтік тәртіп бұзып, жол-көлік оқиғасына себеп болғаны анықталған. Осылайша ол жұмысынан қуылды. Сондай-ақ, полицейдің тікелей басшылары, яғни Жамбыл облысының ПД ЖПҚ мен Тараз қаласының басқарма полициясы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылы 5 қаңтарда әлеуметтік желілерде полиция қызметкерінің қызметтік автокөлігімен мас күйінде жол-көлік оқиғасын жасағаны туралы бейнежазба тараған болатын. Бейнежазба иесі полиция қызметкерінен көлікті өшіріп, аты-жөнін айтуын сұрап, көліктің нөмірін де камераға түсіріп, жазып алған.

Соңғы жаңалықтар