+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Таразда мас күйінде төбелескендер камераға түсіп қалған

2021 жылғы 11 шілде 07:31
Бөлісіңіз:
Таразда мас күйінде төбелескендер камераға түсіп қалған

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Таразда ішіп алып төбелескен ер адамдар қалалық жедел басқару орталығының камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда есірткі дайындап сатумен айналысқан қылмыстық топ қолға түсті Жамбыл облысының 54 жастағы тұрғынынан ірі көлемде есірткі тәркіленді Тараз тұрғыны үйдің 4-ші қабатына өрмелеп шығып, балконда қалып қойған қызды құтқарды

Бейне бақылау барысында Тараз қаласы Полиция басқармасының «102» жедел басқару орталығының кезекшісі таңғы сағат 07:00 шамасында екі ер адамның арасындағы төбелесті байқаған.

Ұрыс-керіс кезінде жанжалға қатысушылардың бірі екіншісіне дене жарақатын салып, оқиға орнынан жасырынуға тырысқан.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлауынша, қақтығыс болған жерге дереу келген патрульдер оларды қолға түсірді. Белгілі болғандай, ер адамдар мас болған.

«Тараз қаласының 27 жастағы тұрғыны ізін суытпай ұсталды. Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі

(Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды»,-делінген ведомтсво хабарламасында.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды, оның басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Тергеу амалдары жүріп жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT