Таразда марихуана сатушы ұсталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылдық полицейлер марихуана сатушысын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облыстық полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері рейд барысында Тараз қаласының аумағында марихуана сатқан 34 жастағы қала тұрғынын ұстады. Есірткі сатушы тінту кезінде жалпы салмағы 1 келі 600 грамм «кептірілген марихуана» есірткі заты табылып, тәркіленді.

«Ұсталған азамат кінәсін мойындады, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды, оған қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) және 297-бабы1-бөлігі (Есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды»,-делінген ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар