+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Таразда латын әліпбиінің емле-ережелері талқыланды

2019 жылғы 27 қазан 11:49
Бөлісіңіз:
Таразда латын әліпбиінің емле-ережелері талқыланды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Таразда ғалымдар жаңа әліпбидің емле-ережелерін меңгертудің тиімді жолдарын талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жапонияның өзі латын графикасын қолданады – ғалым Таразда латын әліпбиіне көшу тақырыбында халықаралық конференция өтті Жекелеген азаматтардың «Менің әліпбиім қабылданады» деуі қате пікір – Нұрғиса Дәуешов

Тіл мамандары әліпбиге көшу кезеңінде педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру мәселесіне ерекше көңіл бөлу керек деп санайды. Келесі айдан бастап бұл бағытта өңірдегі жоғарғы оқу орындарында оқыту курстары басталады. Оған өңірден 20 мыңға жуық мұғалім тартылады деп күтілуде. Келешекте орта мектеп ұстаздарын да қамту көзделіп отыр.

Семинар-кеңесте латын графикасы негізінде әліпбиді қолданудың тарихи тәжірибесі, бірыңғай стандартын енгізу мәселелері қаралды. Сонымен қатар шараға қатысушылар емле-ережелерде қарама-қайшылық туғызып отырған мәселелерді біріздендіру бойынша ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

«Мысалы, кей әріптердің бір-біріне ұқсастығы. Мысалы «І» әріпіне келсек «і» әрпі мен «и» әрпінің бас әріптері бір-біріне ұқсас, оларды айыру өте қиын. Соған байланысты қазір жұмыс жүргізіліп жатыр. Тағы да диграфтар бар. Оларға байланысты да біраз шаруа атқарылуда»,- дейді филология ғылымдарының кандидаты Айша Төлекова.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ғибрат Сембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT