+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Таразда латын әліпбиіне көшу тақырыбында халықаралық конференция өтті

2019 жылғы 16 қараша 12:58
Бөлісіңіз:
Таразда латын әліпбиіне көшу тақырыбында халықаралық конференция өтті

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Таразда өткен халықаралық конференцияда латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиіне қатысты мәселелер талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Таразда латын әліпбиін үйрететін онлайн-бағдарлама жасалды Білім министрі жаңа әліпбиде жазылған оқулықтар қашан шығарылатынын айтты Жапонияның өзі латын графикасын қолданады – ғалым

Шараға қырғыз, өзбек елдерінің ғалымдарымен қатар Түркі академиясының сарапшылары қатысты. Конференция түркі халықтарының ортақ әдеби, мәдени, тарихи құндылықтарын насихаттап, латын әліпбиіне көшкен елдермен тәжірибе алмасуға бағытталды. Ғалымдар жаңа әліпбиді жасау кезінде түркі жұртының дыбыстық құрамы, ортақ ережелері сақталуы тиіс деп санайтындықтарын жеткізді.

«4-5 жоба сараптамадан өтіп жатыр. Ол жобалардың бәрінде кемшілік бар. Өйткені таңба жасанды. Жасанды таңба алуға болмайды. Ол әрбір дыбыстың әлеми дәстүрі қалыптасқан таңбасы бар. Содан шығып кетпеуіміз керек. Ал енді кез келген дыбысқа таңбаның астынан, үстінен белгі қойып ондай әліпби жасай беру ол ең оңай жолы. Сондықтан да қазір мамандар кірісіп жатыр»,-дейді филология ғылымдарының докторы Әлімхан Жүнісбек.

Сондай-ақ, отандық ғалымдар ең бастысы тілдің ұлттық табиғатын ұстану маңызды. Дұрыс жасалған әліпбиден сауатты емле шығатынын алға тартты.

«Жаппай халықты латын әліпбиіне, жазуға тезірек үйрету, олардың дағдыларын қалыптастыру мақсатында үстіміздегі жылы үш рет жаппай диктант жазу акциясын өткіздік. Ол акцияға 266649 адам қатысты»,- облыстық тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нәбира Сүйманова.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ғибрат Сембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT