Таразда қызметтік көлікті айдап кеткен жасөспірімдер ұсталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Таразда қызметтік көлікті ұрлап кеткен кәмелетке толмағандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, он алты жастағы 5 жасөспірім медициналық мекемелердің біріне тиесілі қызметтік көліктің терезесін сындырып, көлікті айдап кеткен. Күдіктілер жедел іздестіру нәтижесінде бір сағаттың ішінде қолға түскен.

«Оқиға кезінде кінәлілер машинаны тастап қашып, жасырынып қалуға тырысқан. Алайда олардың төртеуі қолға түсті, біреуі іздестіріліп жатыр. Қолға түскендер өз қылмыстарын мойындап, тек қызық көріп, серуен құру үшін осындай әрекетке барғандарын айтып, ақталған», - делінген хабарламада.

Оқиғаға қатысы бар жасөспірімдер үй қамағына алынды.

Соңғы жаңалықтар