Таразда күйіп қалған баланың терісі алмастырылатын болды
2018 жылғы 23 маусым 11:55

Таразда күйіп қалған баланың терісі алмастырылатын болды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің өкілдері 6 жасар баланы жағып жіберу оқиғасына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, 17 маусым күні Тараз қаласының №2 ауруханасының күйік бөліміне денесінің көп бөлігін күйік шалған 6 жасар бала түсті. Дәрігерлер оған «күйік шалып, 1-2 дәрежеде есінен танып, басы, мойны, арқасы мен екі иығынан, денесінің 18% 2-3 дәрежедегі күйік шалған» деген диагноз қойған.

«Аталған факті Тараз қалалық ішкі істер басқармасының сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне енгізіліп, ҚР ҚК 107 бабы, 2 бөлігі негізінде қылмыстық іс қозғалды»,-деп түсіндірді құқық қорғау ведомствосының өкілдері.

«Аталған баптың 2-ші бөлігі «Денеге қасқана орта дәрежедегі жарақат салу» жазасын қарастырады және кәмелетке толмаған балаға әдейі ұйымдастырылған әрекет ретінде қарастарылады. Осы әрекет үшін 2 мың АЕК көлемінде айыппұл төлеу немесе осы көлемде түзеу мақсатында жұмыстар атқару, 3 жылға дейін бостандығын шектеу немесе осы мерзімге қамауға алу жазасы тағайындалады».

Ал әзірге кінәнің кімге тағылатыны белгісіз. Баланың өзінің сөзінше, ол тез тұтанатын затпен ойнап жатқан кезде жасы 7-ге толған көрші үйдің балалары келіп, оған от қойған. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары оқиғаның куәгерлерінің жоқтығы салдарынан балалар мен олардың ата-аналарының айтқандары негізінде ғана жүргізілуде. Сөйтіп, біршама қиыншылықтар туындауда»,-деді Жамбыл облыстық ІІД-нің өкілдері.

Жамбыл облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметтері бойынша, дәрігерлер баланың жағдайын ауыр бірақ тұрақты деп бағалап отыр. Енді оның терісін алмастыру керек, бұл өте күрделі операция.

Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT