Таразда күніне 1 мың тұтынушыға қызмет көрсететін орталық ашылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы орталығында «Тараз су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны жанынан тұтынушыларға қызмет көрсету орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Іргесі 1959 жылы қаланған ескі ғимарат «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында қайта жаңғыртудан өткізіліп, уақыт талабына сай жабдықталды. Жаңа нысан ішінде бірыңғай қызмет көрсету залы орналасқан. Төлем қабылдау кассаларымен қатар, басқа да қызмет түрлері бір терезе қағидаты аясында жұмыс істейді. Орталық бір күнде 1 мың абонентке қызмет көрсетуге қауқарлы.

Кәсіпорын директоры Марат Сымайловтың айтуынша, мекеме бүгінгі таңда 96 мың абонентке, 5 мың жеке кәсіпкерге қызмет көрсетіп отыр.

«Бұл ғимарат 358 мың тұрғыны бар қала халқының төлем жасауына, кәсіпкерлердің техникалық келісімшарттарды еш кедергісіз алуына мүмкіндік береді деген сенімдемін», - деді орталықтың ашылу салтанатында Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков.

Айта кетейік, орталықтың құрылыс жұмысын «Атлас Констракшн» компаниясы жүргізген.

«Әрбір абонент төлем түбіртегін алған соң, оны осында келіп төлеулеріне және келісімшартқа отырып техникалық қызметтер алуларына болады. Онлайн жүйесімен есеп айырысатындардың да қатары күн санап артуда. Ал кәсіпорында 700 қызметкер жұмыс істейді. Сонымен қатар, соңғы жылдары барлық құрал-жабдықтарымыз бен техникаларымыз жаңартылған», - дейді Марат Сымайлов.

null

Соңғы жаңалықтар