Таразда ҚР Президенті жанындағы мемакадемияның филиалы ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев жұмыс сапарымен Таразға барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалы ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Аталған жаңа үш қабатты ғимарат Тараз қаласының орталығында салынған.

nullҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев пен Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов ғимараттың ішін аралап көріп, филал ұжымымен кездесті. Сонымен қатар академия ғимаратының кіре берісіне орнатылған ескерткіш тақтаның ашылу рәсіміне қатысты.

nullҚР Президенті жанындағы МБА ректоры Фатима Жақыпова жаңа филиалдың тұсаукесерін өткізіп, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының құрылу тарихы мен қызметі жайында егжей-тегжейлі айтып берді. Ол президенттік мемлекеттік қызмет академиясы Қазақстандағы оқу-әдістемелік, ғылыми және ақпараттық-сараптамалық жоғары оқу орны саналатындығын баса айтты. Академия құрамына Басқарушы кадрларды дайындау институты мен Мемлекеттік басқару ғылыми-зерттеу институты кіреді.

nullСондай-ақ филиал ғимаратында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облыстық филиалының ұжымымен кездесу болды. Өңірлік семинар-кеңес өтті.

nullСеминар аясында сөз сөйлеген Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов ҚР Президенті жанындағы МБА-ның өңірлік филиалының ашылу маңыздылығын айрықша атап өтті.

nullАйта кетейік, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы 2005 жылы 31 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарғысымен мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру және даярлау/қайта даярлау мақсатында құрылған. Академия Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі саласындағы жалғыз оқу-әдістемелік орны болып табылады және мемлекеттік қызметкерлері деңгейінің біліктілігін арттыру, даярлау/қайта даярлауға бағытталған.

     null 

Соңғы жаңалықтар