Таразда көппәтерлі тұрғын үйдің кіреберісінен ер адамның мәйіті табылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат -Тараз қаласында 26 сәуір күні сағат 10.00 шамасында шағын аудандардың бірінде ер адамның мәйіті табылды,деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері 50 жастағы ер адамның пышақ жарақатынан қаза тапқанын анықтады.

«Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Тараз қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР ҚК 259-бабы бойынша 2000 жылы сотты болған 45 жастағы күдіктіні ұстады. Анықталғандай, бiрге спирттік ішімдік ішкен олардың арасында жанжал туындап, бірі екіншісіне пышақ сұққан. Жараланған ер адам пәтерден шығып, кіреберісте құлаған»,-делінген ведомство хабарламасында.

Осы оқиға бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталып, сот сараптамасы тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар