USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Таразда көпқабатты үйлер жылу есептегіш құралдармен қамтылған ба

2021 жылғы 27 ақпан 02:38
Бөлісіңіз:
Таразда көпқабатты үйлер жылу есептегіш құралдармен қамтылған ба

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Биыл қаржылық лизинг шартына сәйкес Тараз қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйлерге 435 жалпы үйлік жылу есептеуіш құралдарын орнату қарастырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дегенмен, қазіргі уақытта бар-жоғы 229 жалпы үйлік есептеуіш аспаптары орнатылған десек, бұл олқылық орындаушы тарап өз міндеттемелерін толық көлемде орындамағаннан болған.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Руслан Мұздыбеков айтты.

Сонымен қатар, брифингке «Тараз Транс Энерго» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын директоры Князь Туртаева да қатысты.

Спикерлердің айтуынша, шарт бойынша есептеуіш құралдарын сататын «Казпромэлектросервис» серіктестігі аспаптарды орнатқаннан кейін бастапқы тексеруді жүзеге асыруға міндетті.

Сондай-ақ, кепілдемелік сервистік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету міндеті жүктелген.

Алайда, бастапқы тексеру және кепілдемелік қызмет көрсету қызметтерін атқармай отырғаны үшін сатушыны «Тараз Транс энерго» сотқа берген.

Сот шешімімен «Казпромэлектросервис» серіктестігіне 435 дана ЖҮЖЕА кезекті метрологиялық тексеруді жүзеге асыруды міндеттеу жүктелген.

«Өткен жылдың желтоқсан айында бұрын орнатылған 29 жылу есептегштің тексеру мерзімі аяқталған. Осыған байланысты Тараз қаласының көппәтерлі тұрғын үйлерінің тұрғындарынан есептеуіш аспаптарының көрсеткіші есепке алынбай, жалпы алаң бойынша жылумен жабдықтау қызметтері үшін ұсынылған шоттарға қатысты тұрғындар тарапынан көптеген шағымдар келіп түскен. Мәселені шешу үшін жауаптылармен бірге жиналыс өткізілді. Қорытындысы бойынша «Таразэнергоорталығына» ақпан айынан бастап жылыту маусымы аяқталғанға дейін тұтынылатын қызметтің есеп шоттары есептегіш аспаптардың көрсеткіштері бойынша ұсыну тапсырылды»,-деді Руслан Мыздыбеков.

Айта кету керек, жылыту маусымы аяқталғаннан кейін келесі жылыту маусымы басталғанға дейін бұрын орнатылған қаладағы 229 жалпы үйлік жылу есептегіш құралды тексеруден өткізу жоспарланып отыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT