Таразда көпқабатты үйдегі өрттен 171 адам қауіпсіз жерге көшірілді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараз қаласының «Қарасу 5» шағын ауданындағы бес қабатты тұрғын үй өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазіргі таңда өртті толығымен сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.null

Хабарламада бүгін кешкі сағат 19.30-да Тараз қаласы, «Қарасу 5» шағын ауданындағы №18 үйдің шатырында өрт шыққаны айтылған.

«Департаменттің өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметіне 19.34-те қоңырау келіп түсті. Оны сөндіруге 14 техника, 62 өрт сөндіру қызметінің маманы жұмылдырылды.

Қазіргі таңда 171 адам қауіпсіз жерге көшірілді, оның 42-і бала. Кешкі сағат 20.50-де өрттің өзге аймақтарға қауіп төндіруі тоқтатылып, қазіргі таңда толық бақылауға алынды», - делінген хабарламада.

Жергілікті атқарушы органдар өрт шыққан үйдің тұрғындарын жақын маңдағы екі мектепке көшіріп, онда ыстық тамақпен қамтамасыз етуде.

Бүгінгі таңда аталған оқиғаға байланысты жедел штаб тобы құрылып, тілсіз жаудың шығу себептері анықталуда.

Соңғы жаңалықтар