Таразда көпқабатты үйде газ жарылып, 2 адамды күйік шалды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараздың «Самал» мөлтекауданындағы №6 көпқабатты үйде газ жарылып, екі адам күйіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға кеше сағат 22:00 шамасында орын алған.

«Самал» мөлтекауданындағы бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан екі бөлмелі пәтерде плитадан газ шығып, газ бен ауа қосындысының жарылысы болды», - делінген хабарламада.

Жарылыс салдарынан ас бөлме мен қонақ бөлменің әйнектері қираған. Сондай-ақ, 1974 жылы және 1984 жылы туған екі азамат күйік алып, ауруханаға түсті. Пәтерде болған өзге де тұрғындар мен жас балалар зардап шекпеген.

Айта кетейік, оқиға орнына аталмыш департаменттің 16 қызметкері мен 5 техникасы, жедел тергеу тобының 4 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар