+7 (701) 759 90 19
USD 397.56 EUR 445.94
RUB 5.82 CNY 55.96
Jańalyqtar

Таразда көпқабатты тұрғын үйдің бір кіреберісі карантинге жабылды

2020 жылғы 9 сәуір 09:05
Бөлісіңіз:
Таразда көпқабатты тұрғын үйдің бір кіреберісі карантинге жабылды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат –Таразда бұған дейін коронавирус инфекциясы анықталған 86 жастағы әйел тұрған «Қарасу алқабы» шағын ауданындағы көппәтерлі тұрғын үйдің кіреберісі карантинге жабылды. Қазір науқас инфекциялық стационарда ем алуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Эпидемиологиялық тексеру барысында оның 17 наурызда Алматыдан келген жақын туысымен байланыста болғаны анықталды. Байланыста болған барлығы 5 адам анықталып, карантинге орналастырылды.

Подъез бен пәтерде дезинфекциялау жүргізілді. Осы подъездегі 27 тұрғыны 14 күнге оқшауланып, пәтерінен шығуға тыйым салынды. Олармен тиісті мамандар әңгімелесіп, өзін-өзі оқшаулаудың маңызын түсіндірді. Подъезде полиция қызметкерлері кезекшілік етуде.

Тұрғындарды Тараз қаласының әкімдігі қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етеді.

Жалпы өңірде 45 коронавирус оқиғасы тіркелген. Оның ішінде 11 адам шекаралық өткізу бекетінен өткенде анықталған. Ал 6 адам Делиден келген. Тараз қаласында 5 оқиға, Қордай ауданында – 18, Меркі ауданында – 2, Шу, Мойынқұм және Жамбыл ауданында – бір-біреуден тіркелген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT