+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Таразда көпбалалы жүкті ана ауруханада көз жұмды

2019 жылғы 19 қазан 00:25
Бөлісіңіз:
Таразда көпбалалы жүкті ана ауруханада көз жұмды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз ауруханасында көпбалалы жүкті әйел көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ағымдағы жылдың 13 қазаны күні марқұм Наргиза Сәфиеваның қан қысымы 160-қа көтеріліп, жедел жәрдеммен үйінен облыстық Жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізіледі. Онда бір күн бойы қажетті емін қабылдайды. Алайда, ертесіне дәрігерлер келіншекті кардиохирургиялық орталыққа жібереді.

Жетінші перзентіне аяғы ауыр болған келіншектің туыстары оның өліміне дәрігерлерді кінәлауда. Бұл туралы олар ҚазАқпарат тілшісіне айтып берді.

«Қызым алты баланы дүниеге әкелді. Жетіншісін күтіп жүрген. Жүрегінің ауыратынына ешқашан шағым айтқан емес. Жүрек ауруы бар болса, балаларды қалай туатын еді?», - дейді марқұмның анасы Күлтай Сәфиева.

Ал, 6 баламен жалғыз қалған Болат Қазинбетов жұбайының қазасына жұқпалы аурулар мекемесіндегі мамандарды айыптауда.

«Қан қысымы 60-40 дейді. 160-тан қысымы не үшін түсіп кетті деп ойлайсыздар? Менің күдіктенетінім: дәрігерлер «передоз» жасап, қан қысымын түсіріп алды. Дәрігерлердің кінәсі деп ойлаймын. Неге? Өйткені, аяғы ауыр адамды не үшін олар жұқпалы аурулар ауруханасына апарады? Не үшін патологияға апармайды? Одан бөлек, түнімен ұстады. Кейін түске дейін ұстады. Соған дейін адам анализін білмей ме?», - дейді Б.Қазинбетов.

Ауруханадағы ана өліміне қатысты түсінік берген Денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері тексеріс басталғанын мәлім етті. Ақпаратқа сәйкес, науқас ауруханаға тұмаудың асқынған түрімен түскен.

«Дене қызуы көтеріліп тұрған. Өзін жалпы жайсыз сезіну, әлсіздік – осы шағымдармен инфекционныйға түскен. Тұмауы асқынып кеткен. Бір күннен кейін оның жүрегі нашарлағаны анықталды. Сөйтіп, оны мамандандырылған «Жүрек» медициналық мекемесіне жібердік. Алайда, мамандар оған көмек көрсете алмады. Қазір осы жағдайға қатысты тексеру басталды. Дәрігерлердің қателігі анықталса, жауапқа тартылады», - дейді облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жібек Исаева.

Болат Қазинбетов өрт сөндіруші болып жұмыс істейді. Балаларының үлкені 12 жаста болса, кішісі бесікке бөленген бір жасар сәби.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Жамбыл облысы, Оқиға, Аймақ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Ғибрат Сембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT