Таразда көп кітап оқыған оқушы миллионер атанды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараздық 9-сынып оқушысы Әбдісейіт Казына көп кітап оқып миллионер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол «Кітап оқып, миллионер бол!» қалалық байқауында жеңіске жетіп, 1 миллион теңгені жеңіп алды.

​Тараз қалалық «Жамбыл-Тараз» газеті ұйымдастырған байқау бес айға созылып, шын мықтылар іріктелген. Жоба шарты бойынша ақылдастар алқасы құрылған.

​«Ақылдастар алқасы бірлесіп отырып, 100 кітаптан тұратын тізімді жасадық. Оның тең жартысы қазақ, қалғаны орыс тілінде ұсынылды. Байқау жас ерекшеліктеріне қарай екі кезеңде өрбіді. 5-7 сынып оқушылары кемінде 15, 8-11 сынып оқушылары кемінде 20 кітапты оқу жылының соңына дейін оқып шығуы тиісболды. Жеңімпаздар оқылған кітаптар бойынша сұрақ қою әдісімен анықталды», - дейді аталмыш қалалық газеттің бас редакторы Эльмира Мырза-Ғали.null

​Байқаудың қорытындысы Тараз қалалық Мәдениет үйінде өткен шарада жарияланды. Байқау нәтижесі бойынша 8-11 сыныптар аралығы бойынша Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясының 9-сынып оқушысы Казына Әбдісейіт І орынды жеңіп алып, 1 миллион теңгелік жүлдеге ие болды. Ал, Керімбай атындағы №12 мектеп гиназиясының 10-сынып оқушысы Айгерім Мейірханова ІІ орынды (500 мың теңге), №7 мектеп гимназиясының 11-сынып оқушысы Галина Буркина ІІІ орынды (250 мың теңге) иеленді.

​5-7 сынып аралығындағы қатысушылар арасынан И.Панфилов атындағы №39 мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы Айзере Ерен жеңімпаз атанып, 500 мың теңгені иеленді. Сондай-ақ, №10 орта мектебінің 7-сынып оқушысы Данияр Бекжан мен №54 орта мектебінің 6-сынып оқушысы Тоғжан Аллаберген ІІ орынды (150 мың теңгеден) өзара бөліссе, №30 мектеп гимназиясының 7-сынып оқушысы Сабина Сулеймен мен №31 орта мектебінің 5-сынып оқушысы Гюзаль Османова ІІІ орынға (75 мың теңгеден) лайық деп табылды.

​Айта кету керек, жалпы жүлде қоры 3 миллион теңгені құраған байқаудың негізгі мақсаты - балаларды кітап оқуға баулу болып табылады. Ұйымдастырушылар байқаудың аумағын кеңейтіп, дәстүрлі түрде өткізуді жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар