+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Таразда «Көне шаһардағы мың бір түн» атты музей түні өтті

2019 жылғы 22 қазан 11:52
Бөлісіңіз:
Таразда «Көне шаһардағы мың бір түн» атты музей түні өтті

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Таразда «Ежелгі Тараз» тарихи-мәдени қорық-музейі ұжымының ұйытқы болуымен «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінде «Көне шаһардағы мың бір түн» атты музей түні іс-шарасы өтті. Оған қала тұрғындары түн ауғанша келіп, тамашалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Оралда «Бес ұрпақ» сауықтыру саябағы ашылды Қазақтың «ұлттық коды» сақталған Ықылас музейіне саяхат Қазақстандық бишілер World Folk Vision-2020 байқауында екінші орын иеленді

Іс-шараның ашылу салтанатында «Ежелгі Тараз» тарихи-мәдени қорық музейінің директоры Нұрлан Бықыбаев кіріспе сөз сөйлеп, келушілерге ризашылығын жеткізді. Тарихтан тамыр тартқан жәдігерлерді жұртшылық қызыға тамашалады. Әсіресе түрлі театрландырылған қойылымдар жұртшылықтың жүрегіне жетті. Өйткені онда да тарихтың таңбасы бар. Бұдан соң облыстық қазақ драма театрының директоры Болат Бекжанов, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі Сайлаухан Ашанов, «Ордабасы» мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының қызметкері Бақытбек Қасымов, «Таңбалы» мемлекеттік қорық-музейінің қызметкері Қуаныш Нұрмақсұтов сынды азаматтар жоғары деңгейде ұйымдастырылған іс-шараға көңілдері толғанын жеткізіп, алғыстарын айтты.

«Музей түні» театрландырылған қойылымының бағдарламасына келушілер бұл күні көпестер мен қолөнер шеберлері орналасқан қалашыққа сапар шегіп, Қарахан мен Айша бибінің тарихына үңілді. Музей кеңістігіндегі қайта жанданған тарихи тұлғалармен бір қатарда жүріп, түрлі түсті инсталляция аясында естелік фотоға түсті. Осылайша шаһардың өткенінен мол мәлімет алды. Кешкі сағат 20:00 мен 03:00 аралығын қамтыған іс-шараға үш мыңнан астам адам келгенін айта кеткен ләзім. Осынау іс-шараға аса белсенділікпен қатысқан азаматтар соңыра Алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT