+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Таразда көлік апатынан жолдың жиегінде жүрген көше тазалаушы көз жұмды

2021 жылғы 16 ақпан 17:19
Бөлісіңіз:
Таразда көлік апатынан жолдың жиегінде жүрген көше тазалаушы көз жұмды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласында екі көлік апатынан жол жиегіндегі көше тазалап жүрген әйел ажал құшты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараз қаласы полиция басқкармасының Жедел басқару орталығының «102» кезекші бөлімінің басқару пультіне әл-Фараби-Ниетқалиев көшелерінің қиылысында болған жол-көлік оқиғасы туралы қоңырау келіп түскен.

«BMW-520 және Volkswagen Passat көліктері соқтығысты. Машиналардың бірі жолдың шетіне жүрген әйелді қағып кетті. Қатты соққыдан әйел оқиға орнында көз жұмды»,-делінген ведомство хабарламасында.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT