Таразда көлігімен ағашқа соғылған 25 жастағы жүргізуші қаза тапты

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласында жүргізуші көлігімен талға соғысып қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға таңғы сағат 05.30 шамасында орын алған. «Lexus GS 300» маркалы автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі облыс орталығындағы Желтоқсан көшесі бойымен Бейбітшілік көшесіне қарай келе жатып, рөлге ие бола алмай, жолдың жиегіндегі ағашқа соқтығысқан. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізушінің тізгінге ие бола алмай қалуына ауа райының қолайсыздығы себеп болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Ал, 28 жастағы жолаушы түрлі дене жарақатымен Тараз қалалық ауруханасына жатқызылды» делінген ведомство хабарламасында.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Автокөлік арнайы тұраққа қойылған. Сондай-ақ, тиісті сараптамалар тағайындалған.



Соңғы жаңалықтар