Таразда қоғамдық орында қорқор тартқан 23 адамға айыппұл салынды

ТАРАЗ.ҚазАқпарат – Таразда қоғамдық орында кальян шеккені үшін 23 адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Тараздық полицейлер ойын-сауық мекемелерінде рейд өткізді.
«19 ойын-сауық мекемесін тексеру барысында ҚР Әкімшілік кодексінің 441-бабы бойынша 23 заңбұзушылық анықталды. Ол үшін 15 АЕК айыппұл қарастырылған. Көңіл көтеру мекемелерінің иелеріне қоғамдық орындарда темекі өнімдері мен кальянды пайдалануға тыйым салу туралы ескерту парақтары таратылды» делінген хабарламада.
Рейд барысында полицейлер қоғамдық орында кальян шегуге тыйым салу туралы ақпарат парақтарын таратты.
Сонымен қатар Тараз қаласындағы кафе-барлардың әкімшілігіне Әкімшілік құқық бұзу кодексінің бірқатар баптары бойынша әкімшілік жауапкершілік бар екенін ескертті.
- Алматы облыстық сотының ғимараты карантинге жабылды
- Мадридтегі жарылыстан қаза тапқандар арасында қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатырмыз - СІМ
- Мадридте алапат жарылыс болып, 2 адам қаза тапты
- Рудныйда ойын клубы карантинге қарамастан жұмыс істеп тұрған
-
Павлодарда коронавирустың өршуіне карантинді елемейтін тұрғындар себеп болып отыр
-
Алматыдан 517 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында жер сілкінді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам