Таразда кітапханашысы жоқ кітапхана ашылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараз қаласында кітапханашысы жоқ кітапхана ашылды. Онда оқырмандар өзіне ұнаған шығармасын қажетті құжатсыз-ақ алып, оқып, кейін қайта тапсыра алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жамбыл - адалдық алаңы» жобасы негізінде қолға алынған бастама Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана жанынан ашылып отыр. Басты мақсат - сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырып, оқырман жауапкершілігін арттыру. Жан азығын сыйлайтын ордадан кітапсүйер қауым 300-ден астам түрлі жанрдағы шығармаларды таба алады.

«Ешқандай кітапханашының көмегінсіз-ақ кітапты алып, оны қайтадан өз орнына әкеліп қою қажет. Мақсат - адал оқырманды, адал болашақты қалыптастыру. Мысалы мен бүгін Нарша Қашағанұлының кітабын алдым, ешқандай құжат тапсырған жоқпын», - дейді қала тұрғыны Ардақ Сапибулла.

Соңғы жаңалықтар