+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 497.05
RUB 6.02 CNY 66.69
Jańalyqtar

Таразда қаза болған құтқарушылардың отбасылары 20 млн теңгеден алады

2021 жылғы 27 қыркүйек 11:29
Бөлісіңіз:
Таразда қаза болған құтқарушылардың отбасылары 20 млн теңгеден алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тараз қаласындағы жарылыстар кезінде қаза тапқан құтқарушылардың отбасылары жалпы алғанда 20 млн теңге алады. Оған қоса, сақтандыру төлемдері жасалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да жасөспірім бала граната тауып алды: Тұрғындар эвакуацияланды Жамбыл облысында жарылыстар естілуде: Қорғаныс министрлігі түсінік берді Сомали астанасында жарылыс болды, қаза тапқандар бар

«Ұлттық мүдде» бағдарламасының студиясында жүргізілген эксклюзивті сұхбат кезінде ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин биылғы жылдың тамызында оқ-дәрілер қоймасындағы жарылыстар кезінде қаза болған қаһармандардың отбасыларына көрсетілетін материалдық көмек сомасы неден құралатынын баяндап берді.

«Ел үкіметі тарапынан қаза болғандардың әрқайсысының отбасына 10 млн теңге аудару туралы шешім қабылданды. Соның ішінде 5 миллион теңге жергілікті бюджет есебінен аударылады. Біз ниет білдірген қызметкерлердің біркүндік жалақысын жинадық. Төтенше жағдайлар министрлігі қажатаы есебінен 5 млн теңге жиналған. Ем алуға мұқтаж жігіттерге көмек қоры да бар. Мемлекет тарапынан міндетті сақтандыру қорынан қаза болғандардың отбасыларына 60 айлық ақшалай нәпақа төленеді. Мұнда көптеген нюанстар бар, мұрагерлік құқық анықталса, олар бұл көмекті міндетті түрде алады», - деді сұхбат барысында министр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT