+7 (701) 759 90 19
USD 425.77 EUR 494.28
RUB 5.95 CNY 66.14
Jańalyqtar

Таразда қатты желден үйдің шатыры ұшып, ағаштар құлады

2021 жылғы 19 ақпан 18:14
Бөлісіңіз:
Таразда қатты желден үйдің шатыры ұшып, ағаштар құлады

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы орталығында қатты желден көп қабатты үйлердің шатыры ұшып, ағаштар құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысы аумағында 19 ақпанда күндіз соққан желдің жылдамдығы әр аумақта 23-28 м/с, 30 м/с-ті құрап, кей жерлерде одан да асып түскен.

«Қазіргі уақытта Тараз қаласының 15 шағын ауданында бес қабатты тұрғын үйдің шатырының ұшып кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті, қатты желдің салдарынан бүлінген шатырдың аумағы 1500 шаршы метрді құрайды. Шатыр 300 метрге дейін ұшып барып, №14 үйдің ауласына құлаған. Салдарынан аталған үйдегі 3 балкон бүлінген және 4 жеңіл автокөлік астында қалған. Сондай-ақ, Жамбыл даңғылы бойындағы 5 қабатты тұрғын үйдің шатырының бір қанатының құлауы тіркелді»,- делінген облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұдан бөлек, әлеуметтік желіде тараған видеолардан қаланың әр аумағында ағаштардың құлағанын аңғаруға болады.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT