Таразда кәсіпкерлерге берілген жер учаскелері игерілмей қалған

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Таразда кәсіпкерлерге берілген жерлер игерусіз қалған. Олар мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы БАҚ өкілдерімен өткен кездесуде Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ағымдағы жылы Тараз қаласы әкімдігімен кәсіпкерлік мақсатта беріліп, игерусіз қалған 200 жер учаскесі анықталып, мемлекет меншігіне қайтарылды», - деді облыс әкімі.

Бұдан бөлек Нұржан Нұржігітов биылғы жарты жылдықта жамбылдық кәсіпкерлерге берілген несиелердің көлеміне тоқталды.

Оның айтуынша, 6 айда бизнес субъектілеріне 10,5 млрд теңге шағын несие берілген. Ал, 2 мыңнан астам азаматқа 3,3 млрд теңге грант бөлініпті.


Соңғы жаңалықтар