Таразда карантин талабын бұзған бірнеше бар анықталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Таразда мобильдік топтар мерекелік және еске алу іс-шараларын өткізуде шектеулерді сақтау бойынша бас санитарлық дәрігердің қаулысының орындалуын бақылауды жалғастыруда, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Адамдар көп жиналатын орындар мен қаладағы ойын-сауық орындары карантин шектеулеріне қатысты ерекше бақылауда, олар бетперде режимі және әлеуметтік қашықтың сақталуы тұрғысынан үнемі тексеріліп отырады.

Кезекті рейд барысында Тараз қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері қаланың бірнеше мекемесінде, атап айтқанда «Viber», «Х.О», «Game over» барларында карантин режимін бұзу деректерін анықтады.

«Осы барларға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 425-бабы «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша материалдар жинақталып, бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін санитарлық- эпидемиологиялық қызметке жолданды», - делінген облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар