Таразда қарақшылық жасағандар басқа қалалардан ұсталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат -Осыдан төрт ай бұрын Тараз қаласында қарақшылық шабуыл жасағандар Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан құрықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Арнайы құрылған жедел топтар күдіктілерді анықтап, іздеріне түскен болатын. Олардың тұрғылықты жерін тауып, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан 1981 және 1989 жылы туған Алматы облысының екі тұрғынын ұстады. Қазіргі уақытта күдіктілер тергеу изоляторына қамалды»,- деді Полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 15 ақпанына қараған түні Тараз қаласының орталығында орналасқан «ТаразПетролСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кеңсесіне шабуыл жасалған болатын. Шабуыл жасағандар күзетшіні ұрып-соғып, байлап, ақша іздеуге кіріскен, алайда сейфтерде ақша болмаған соң қызметкерлердің жеке заттарын ұрлап кеткен болатын.

Соңғы жаңалықтар