+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Таразда қала тұрғындарына арналған жаңа демалыс орны ашылды

2020 жылғы 24 қыркүйек 14:38
Бөлісіңіз:
Таразда қала тұрғындарына арналған жаңа демалыс орны ашылды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараздықтар демалатын және серуендейтін жаңа орын – «Арбат» жаяу жүргіншілер аллеясы ашылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев құрылысқа атсалысқандардың барлығына пандемияға қарамастан жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтағаны үшін алғыс айтты.

Аймақ басшысы қала тұрғындарымен бірге 580 метрлік аллеяны аралап көрді. Онда әр қадам сайын түрлі-түсті қалыпта безендендірілген формалар келушілерге әдемі әсер сыйлады.


Қонақтарды көше музыканттары мен ұлттық әндерді орындаушылар тамаша әуенмен қарсы алдса, жергілікті қолөнер шеберлері бұйымдарының көрмелері де жиналғандардың қызығушылығын оятты.

Этномәдени бірлестіктер қонақтарға ұлттық дәм ұсынып, түрлі бағдарламар арқылы мерекелік көңіл-күй тарту етті.

«Біз екі сазды және екі құрғақ субұрқақ орнаттық. Тараздықтарға олар ұнайды деп сенеміз. Қазірдің өзінде бұл субұрқақтар балалардың қызығушылығын оятып жатқанын байқап отырмыз. Күз айында күннің қысқаратынын ескеріп, жарықтандыру мәселесіне айрықша көңіл бөлдік. Барлық жолдар мен сәулет құрылымдары гирляндалармен жарықтандарылған. Сондай - ақ, қаланың әрбір тұрғыны мен қонағы аллея секцияларының бірінің төбесінде жасалған креативті инсталляция – Қазақстан Республикасының туымен жақынырақ танысуы тиіс», - дейді мердігер компанияның өкілі Еркін Сейдехан.

Жаңа демалыс орны көз сүйсіндіреді. Қала тұрғындары оған жоғары бағасын беріп, ризашылықтарын жеткізуде.


«Қазір қала ертегідей өзгеріп, түрленіп келеді. Көрікті орындар көбейді. Әр кеш сайын серуендейтін кезде, қайсысын таңдарымызды білмей абдырап қаламыз. Бұл жағымды көңіл-күй сыйлайтыны сөзсіз. Жерлестеріміз мұндай тамаша тартуларды ықыласпен қабылдап, оны күтіп-баптап ұстауға барынша ден қойып, ұзақ жылдар бойы сақталуына үлес қосады деп сенемін», - деді әсерін бөліскен облыс орталығының тұрғыны Айгүл Сыздықова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT