+7 (701) 759 90 19
USD 397.56 EUR 445.94
RUB 5.82 CNY 55.96
Jańalyqtar

Таразда IT мамандар әзірлеген қосымша онлайн оқытуға пайдаланылып отыр

2020 жылғы 8 сәуір 09:05
Бөлісіңіз:
Таразда IT мамандар әзірлеген қосымша онлайн оқытуға пайдаланылып отыр

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс басшысы алдымен ақпан айында ашылған 120 орындық «Kids Hub» инклюзивті балабақшасына барды. Бұл жобаға шамамен 20 миллион теңге жеке инвестиция салынған. Бүгінгі күні мұнда 16 маман жұмыс істеуде, оның үшеуі Мәскеуде оқып келген. Орталықта білікті мамандар ерекше балаларға арналған кешенді қызметтер көрсетеді. Мұнда балалар мен ата-аналар бір жерден массаж, бассейн, педиатр, логопед, дефектолог сияқты қажетті қызметтерді ала алады.

Бердібек Сапарбаев аталған жобаны жоғары бағалап, өңірде ерекше балаларға арналған осындай әлеуметтік мекемелерді көптеп ашу қажеттігін атап өтті.

Бұдан соң аймақ басшысы «Taraz HUB» IT-орталығында болды. Орталықта IT-технологиялар бойынша мамандар даярлануда. Шәкірттер стартап-жобаны дамыту, 3D-модельдеу бағдарламалары мен робототехника, графикалық дизайн және тағы да басқа бағыттар бойынша оқытылады. Онда барлығы 20 компания қамтылған десек, олардың қатарында бастаушы стартаперлер бар.

Бүгінде аталмыш IT-орталығының мамандары облыстың барлық колледждеріне Zhambyltipo.kz қосымшасын әзірлеп, енгізген. Қосымшаның арқасында қазіргі карантин жағдайында педагогтар мен оқушылар оқу процесін онлайн режимде жалғастыруда.

Сондай-ақ, облыс әкімі «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында іске қосылған дарынды балаларға арналған мамандандырылған ІТ-лицей-интернатында барды. Бүгінде мұнда 160 бала тұрақтап, білім алуда. Білім беру нысаны заманауи құрал-жабдықтармен және озық технологиялармен қамтамасыз етілген.

Бүгінгі күні мұнда сегіз сынып, 12 оқу кабинеті, екі компьютерлік кабинет, кітапхана, ЛМК, STEM–зертхана, Web-бағдарламалау, робототехника кабинеттері бар. Сондай-ақ спорт және акт залдары, асханамен қамтылған. IT лицей-интернатта оқыту бағдарламасы үш тілде жүргізілуде.

Алдағы уақытта мұнда 300 орындық қосымша нысан құрылысын салу жоспарлануда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT