Таразда иісшіл ит күдіктінің үйінен бес келі есірткі тапты

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Таразда иісшіл ит күдіктінің үйінен бес келі есірткі тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Жасбыл облысы Полиция департаментіне сілтеме жаспа.

«Қарасора-2021» іс-шарасының аясында облыстық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласында 48 жастағы тұрғынның үйін тексерді. Санкция берілген тінту барысында жалпы салмағы 5 келі 150 грамм кептірілгенмарихуана тәркіленді. Оны «Теа» атты қызметтік иісшіл ит тапты.

«Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі яғни аса ірі мөлшерде есірткіні заңсыз сақтау бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Осы қылмысты жасағаны үшін 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделген»,- деді Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы А.Жұмабеков.

Күдікті кінәсін мойындады. Ол Тараз қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Соңғы жаңалықтар