Таразда халықаралық туристік форум өтеді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 13-15 желтоқсан күндері Тараз қаласындағы Қазақстан халқы ассамблеясының «Достық үйі» ғимаратында «Ancient Taraz-2018» халықаралық туристік форумы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ауқымды шара аясында қолөнершілердің «Көне Тараз шеберлері» халықаралық көрмесін де ұйымдастыру жоспарланған. Бұл туралы облыстық туризм басқармасынан хабарланды.

Форумда туристік салаға инвестиция тарту, туризм қауіпсіздігі және саланы сандық жүйеге ауыстыру мәселелері талқыланады. Ал көрмеде Қазақстан, жақын және алыс шетелдердің қолөнер шеберлерінің жұмыстары ұсынылады, сондай-ақ бірқатар практикалық және теориялық шеберлік сабақтары мен ғылыми - практикалық конференция өткізіледі деп күтілуде.

Шараға Қазақстан, Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Италия және тағы басқа елдердің делегаттары қатыспақ.

Ғибрат Сембай

Соңғы жаңалықтар