Таразда грепплингтен ел чемпионаты өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы грэплингтен ел чемпионаты Тараз қаласында өтеді. Бұл туралы ҚР Грэпплинг қауымдастығының президенті Қанат Алин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Республикалық чемпионатты 23-24 ақпан күндері «Тараз-Арена» спорт кешенінде өткізу жоспарлануда.

«Бүгінде еліміздің барлық өңірінде іріктеу кезеңі аяқталды. Енді санаулы күннен соң грэпплингтен еліміздегі басты бәсеке басталады. Чемпионат ерлер, әйелдер және ардагерлер арасында өтеді», - дейді ол.

Қауымдастық басшысының айтуынша, Таразда өтетін Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары алдымыздағы қыркүйек айында Астанада өтетін грэпплингтен әлем чемпионатына жолдама алады. Сондай-ақ, аталған спорт түрінен Азия чемпионатына баратын ұлттық құрама жасақталады.

Еске сала кетсек, жуырда Астанада аталған спорт түрінен халықаралық турнир өтті. Оған елімізден бөлек, БАӘ, Бразилия, АҚШ, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің грэпплинг шеберлері қатысты.

Соңғы жаңалықтар