Таразда ғимараттан секірмек болған бойжеткен құтқарылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Таразда құрылысы толық аяқталмаған ғимараттан секірмек болған бойжеткен құтқарылды. Бұл жайында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахмет айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның дерегінше, 2019 жылғы 15 сәуірде, сағат 17.00 шамасында Жамбыл облыстық полиция департаментінің жедел кезекшісіне «Бокс сарайы» спорт кешенінің жанында, Королева көшесі бойындағы құрылысы аяқталмаған ғимараттан белгісіз бойжеткеннің секірмек болғаны туралы хабарлама түскен. Қолданыстағы нұсқаулықтарға сәйкес оқиға орнына Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерінен 19 қызметкер және 5 техника жіберілген.

«Оқиға орнында жеке құрам құтқару қалқасын орнатты. №1 өрт сөндіру бөлімінің өрт-сөндіруші-құтқарушысы, азаматтық қорғау сержанты Азамат Көпбосынов 5 қабатты биіктікке өрт сөндіру автосатысымен көтерілді. Ол өз өмірімен тәуекел етіп, суицидтің алдын алып, бойжеткеннің өмірін құтқарып қалды», - деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

2019 жылғы 15 сәуірде сағат 17.00 шамасында Жамбыл облысы Полиция департаментінің жедел кезекшісінен «Бокс сарайы» спорт кешенінің жанында Королева көшесі бойында орналасқан құрылысы аяқталмаған ғимараттан өзіне-өзі қол жұмсау әрекеті туралы хабарлама келіп түсті. Қолданыстағы нұсқаулықтарға сәйкес оқиға орнына Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерінің күш пен құралдары жіберілді (19 қызметкер және 5 дана техника, соның ішінде психолог). Оқиға орнына жеке құраммен тартылатын құтқару қалқасы орнатылды. №1 өрт сөндіру бөлімінің өрт-сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау сержанты Көпбосынов Азамат 5 қабатты биіктікке өрт сөндіру автосатысымен көтерілді. Ол өз өмірімен тәуекел етіп, суицидтің алдын алып, оның өмірін құтқарды. 15 апреля 2019 года около 17.00 часов от дежурного Департамента полиции Жамбылской области поступило сообщение о попытке суицида в недостроенном здании по ул. Королева, вблизи спортивного комплекса «Бокс сарайы». В соответствии с действующими инструкциями на место были направлены силы и средства подразделений ДЧС Жамбылской области (19 сотрудников и 5 ед. техники, в том числе психологи). По прибытию на место личным составом был установлен натяжной спасательный тент. Пожарный-спасатель СПЧ-1 сержант гражданской защиты Копбосынов Азамат поднявшись по пожарной авто лестнице на высоту 5-го этажа, рискуя собственной жизнью предотвратил суицид, тем самым спас ей жизнь.

Публикация от QR IIM ТJ komıtetі (@tjk_kchsmvdrk)

Соңғы жаңалықтар