+7 (701) 759 90 19
USD 426.01 EUR 493.75
RUB 6.05 CNY 66.62
Jańalyqtar

Таразда этносаралық келісім тақырыбында халықаралық жиын өтіп жатыр

2021 жылғы 14 қазан 13:04
Бөлісіңіз:
Таразда этносаралық келісім тақырыбында халықаралық жиын өтіп жатыр

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Таразда «Қазіргі кезеңдегі этносаралық келісім: тәжірибе мен алдағы міндеттер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның екі күндік жұмысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Конференцияға этносаралық қатынастар, конфликтология және этнопсихология саласындағы отандық және Ресей, Украина, Өзбекстан, Израиль және Болгариядан келген шетелдік сарапшылар және басқа да тиісті салалық өкілдер қатысуда.

Конференцияның бірінші күні сарапшылар қақтығыстар мен наразылық көңіл-күйлердің негізгі себептері, заманауи қоғамдардағы этногенездің жаңа аспектілері, жергілікті деңгейде этносаралық қатынастарды реттеудегі жергілікті атқарушы органдардың рөлі және әлемдік тәжірибе, этносаралық интеграция саласындағы әлеуметтік-экономикалық саясат, студент жастардың көп мәдениетті ортасындағы азаматтық бірегейлікті нығайту, сондай-ақ халықтың әлеуметтік мәселелерін шешудегі мәслихаттардың рөлі тақырыптары талқыланады. Қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруда жоғары оқу орындарының рөлі, оңтүстік Қазақстанның этникалық құрылымының даму ерекшеліктері мен келешегі, ұлттық, нәсілдік, этносаралық алауыздықпен күресудің саяси-құқықтық аспектілері, этносаралық салаға әсер ететін жүйелі проблемалар мен факторлар жеке қаралды.

Конференцияның екінші күні қатысушылар шекара маңы ынтымақтастығы және халық дипломатиясы, әлеуметтік желілердегі қақтығыстық жұмылдыру, жаһандану және ксенофобия, қақтығыстарды басқару және бірегейлік саясаты, ақпараттық қауіпсіздік, тарихи сана мен ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы қазақстандық және әлемдік тәжірибе, полиэтносты ортадағы жастарды толеранттылыққа тәрбиелеудің психологиялық маңыздылығы және т. б. өзекті тақырыптар қозғалатын болады.

Конференция соңында қорытынды қарар қабылданады.

Айта кетсек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев аталған халықаралық конференция қатысушыларына үндеу жолдады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT