Таразда есірткі жарнамалайтын граффити жазбалар жазған жігіт ұсталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Таразда синтетикалық есірткі тарататын адамдарды іздестіру жедел іс-шаралары барысында синтетикалық есірткіні жарнамалайтын граффити жазбалар жасаған жігіт ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш жедел іс-шараларды Жамбыл облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен Тараз қаласы Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бірлесе отырып ұйымдастырған. Нәтижесінде үйлердің қабырғалары мен қоршауларында есірткінің таралуына қатысты граффити-жазбалар жазған 19 жастағы Тараз тұрғыны қолға түскен.

«Ұсталған азамат кінәсін мойындап, жауапқа тартылды. Синтетикалық есірткіні таратуға қатысты басқа тұлғаларды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Қазіргі таңда анықталып табылған граффити-жазулар жойылды, түрлі синтетикалық есірткіні насихаттайтын интернет-сайттар бұғатталды», - деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, полиция департаменті мамандары облыс тұрғындарын есірткінің таралуына ықпал ететін осындай құбылыстардан тыс қалмауға, әрбір дерек бойынша селқостық танытпауға және есірткі қылмысымен күресте белсенді азаматтық ұстаным танытып, есірткі жарнамасын таратуға жол бермеуге шақыруда.

Соңғы жаңалықтар