Таразда есірткі саудасын насихаттаған 700-ге жуық граффити-жазу өшірілді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласында арнайы акция аясында 700-ге жуық граффити-жазулар жойылып, онымен айналысқан алты адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Тараз — Жасыл ел» және «Жас Сарбаз» мекемелерінің өкілдерін қатыстыра отырып, облыс орталығындағы тұрғын үйлер мен ғимараттардың қабырғаларынан есірткі сатуға қатысты сайттарды жарнамалайтын граффити-жазуларды алып тастау бойынша іс-шара өткізді. Нәтижесінде 700-ге жуық жазба өшіріліп, 6 адам ұсталған.

«Мониторинг барысында облыстың ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Telegram» қосымшасында жұмыс істейтін баламалы интернет-сайттар орнатты. Ал анықталған сайттар жойылып, сайттар мен жазуларды жасауға қатысы бар тұлғаларды анықтап, ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде», - дейді аталмыш департамент баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.

Ол бұл бағыттағы жұмыстар әлі жалғасып жатқандығын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар