Таразда ер адамның үстіне найзағай түсті
2015 жылғы 24 маусым 19:17

Таразда ер адамның үстіне найзағай түсті

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараз қаласында күн күркіреп, қатты жел тұрып, нөсер жауғанда қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлады Жамбыл облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінен.

«23 маусым күні сағат 16:25-те облыстық ТЖД-іне «103» қызметінің диспетчерінен Тараз қаласындағы Рысқұлов көшесінде орналасқан «Сауда орталығы» аялдамасының жанында найзағай түсуі салдарынан облыс орталығының 28 жастағы тұрғынының зардап шеккені туралы хабарлама келіп түскен. Зардап шеккен ер адам №1 қалалық ауруханасының терапия бөліміне жеткізілді», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Қазіргі кезде зардап шеккен азаматтың жағдайы орташа ауыр деңгейде.

Jańalyqtar

MURAǴAT