+7 (701) 759 90 19
USD 389.34 EUR 428.78
RUB 6.05 CNY 55.45
Jańalyqtar

Таразда екі полицей парамен ұсталды

2019 жылғы 13 ақпан 18:32
Бөлісіңіз:
Таразда екі полицей парамен ұсталды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Таразда жол-патрульдік полиция батальонының екі инспекторы парамен ұсталды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәлім болғандай, полицейлер жолда жүру ережесін өрескел бұзған жүргізушіден оны әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін 40 мың теңге сұраған.

«Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің, 366-бабы, 2-бөлігі, 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сондай-ақ қызметтік тексеруді тағайындау бойынша пара үшін ұсталған тұлғалардың командирлерін де жауапкершілікке тарту мәселесі қаралатын болады. Сыбайлас жемқорлықтар бойынша құқықбұзушылықтарды анықтау және жолын кесу шараларын Полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиевтің өзі ерекше бақылауда ұстап отыр»,- делінген ведомство ақпаратында.

Күдікті екі қызметкер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ғибрат Сембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT