Таразда екі әйел кафеде төбелес шығарып, оқиға орнынан қашып кеткен

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Таразда кафеде шу көтерген екі әйел ұсталды,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тараз қаласындағы дәмханалардың бірінің жазғы алаңында болған екі белгісіз әйел қоғамдық тәртіпті бұзумен қатар, бұзақылық ниетпен облыс орталығының екі тұрғынына дене жарақатын салған, содан кейін оқиға орнынан белгісіз бағытта қашып кеткен. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі 1-тармағы (Адамдар тобында жасалған бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін 33 жастағы екі әйел ұсталып, өз кінәларын мойындады. Сондай-ақ аталған дерекке қатысты бірқатар сот сараптамалары тағайындалды»,-делінген ведомство хабарламасында.

Сонымен қатар, хабарламада ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша кафе қожайынын әкімшілік жауапқа тартуға қатысты да материал даярлануда екендігі айтылған.


Соңғы жаңалықтар