Таразда екі адамның өмірін жалмаған көлік апаты болды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Таразда бүгін адам шығыны болған жол-көлік апаты орын алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«29 желтоқсан күні сағат 01:30 шамасында, Жамбыл облыстық ІІД ЖПҚ жол патрульдік полиция батальонының кезекшілік бөліміне адам қаза тапқан жол-көлік апаты туралы ақпарат келіп түсті, - деп айтылады Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында. - Алдын ала нұсқалар бойынша, «БМВ 520» автомашинасының К. есімді жүргізушісі доңғалағының жарылуы салдарынан рөлді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, тұрғын үйдің маңында орналасқан көпірдің қоршауына соғылған. Содан кейін аталған көлікті металл құбырға тастап кеткен. Көлік апаты кезінде тас жолдың аталмыш аумағына бірінші келген жергілікті полиция қызметінің жол патрульдік полицияның батальоны бақылау-қадағалау жұмысын атқарды, кейіннен жедел-жәрдем қызметі келді».

Оқиға болған жерде дене зақымын алған 31 жастағы И. есімді жолаушы қаза тапты; 29 жасар М. есімді азамат №1 қалалық ауруханасының науқастарды қабылдау бөлімінде көз жұмды. Басқа екі жолаушы - 23 жастағы А. және 37 жасар Ш. «бастың зақымы» диагнозымен №1 қалалық ауруханасына жеткізіліп, көмек көрсетілген соң үйлеріне жіберілді. 22 жастағы К. есімді жүргізуші Тараз қаласының тұрғыны, жол-көлік апаты кезінде көптеген жарақаттар алып, қатты салқын тиген. Ол да бірінші қалалық ауруханаға жеткізілді.

Бұл дерек ҚР ҚК «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» 345-бабы бойынша СТБР-ға тіркелді.

Осы деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. 

Соңғы жаңалықтар