17:24, 13 Ақпан 2018 | GMT +6
Таразда егде әйел 5-қабаттан құлап кетті
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Қайғылы оқиға Тараздағы тұрғын үй алабында болған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Жамбыл облыстық ТЖД хабарлағандай, 12 ақпан күні сағат күндізгі 4-те облыс орталығындағы 8 шағын ауданда бес қабатты тұрғын үйдің 5-қабатында тұратын 76 жастағы қарт пәтердің терезесінен құлап кеткен.
Ол ғимараттың бірінші қабатындағы сұлулық салонының шатырына түсіп, аман қалған.
«Ол түрлі жарақатпен Тараз қаласындағы ауруханаға жеткізілді, - деді «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне Жамбыл облыстық ТЖД басшысының орынбасары Талғат Сабыров.
Оның терезеден қалай құлап кеткені әзірге белгісіз. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.