Таразда дүкендерді бұзып кіріп, темекі өнімдерін ұрлағандар ұсталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласында «Коммуналдық базар және «Нұралы» базарларының аумағында орналасқан азық-түлік дүкендеріне бұзып кіріп, ұрлық жасаған күдіктілер қолға түсті,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұзақылар жалпы сомасы 770 000 теңге көлеміндегі темекі өнімдерін ұрлаған. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жедел-іздестіру және арнайы іс-шараларды өткізу барысында Тараз қаласының ПБ 1-полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесі қызметкерлерінің жедел іс-әрекеттерінің нәтижесінде ұрлық жасады деген күдікпен осындай қылмыстары үшін бірнеше рет жауапқа тартылған Тараз қаласының 20 және 22 жастағы тұрғындары анықталып, ізін суытпай ұсталды»,-делінген ведомство хабарламасында.

Күдіктілер ұрлықтың төрт дерегі бойынша кінәсін мойындады, қазіргі таңда аталған тұлғалардың басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Полицейлер облыс орталығының кәсіпкерлеріне бизнес нысандарын дабыл сигнализацияларымен, сондай-ақ сыртқы бейне бақылау камераларымен жабдықтау қажеттілігін ескертуде.


Соңғы жаңалықтар