Таразда дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат –Тұңғыш Президент күні Тараз қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кешеннің құрылысына 288 миллион теңге бөлінген. Нысанның ашылу салтанатына Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.

«Мемлекет ел тұрғындарының денсаулығын арттыру үшін барлық жаңдайды жасауда, өйткені дені сау ұлт әрқашан бәсекеге қабілетті болады. Биыл спортты дамытуға 8 млрд-тан астам теңге бөлінді. Осындай қолдаудың нәтижесінде, міне, тағы бір заманауи кешен ашылуда. Бұл жас ұрпақтың денсаулығын нығайтуға және тұрғындарды жүйелі түрде спортпен айналысуына ықпал етері сөзсіз. Кешен таңертеңнен кешке дейін, әсіресе демалыс күндері де жұмыс істеуі тиіс. Сонда ғана балалар өздеріне ыңғайлы уақытта жаттыға алады», - деді Бердібек Сапарбаев.

Облыс әкімі кешенді аралап, жас спортшылармен әңгімеге тартты. Жаңа кешенде баскетбол, волейбол, гандболдан жарыс өткізуге, жаттығуға арналған залдары бар. Сонымен қатар медициналық кабинеттер бар. Бокс, армрестлинг, күрес, каратэ секциялары ашылған.


Кешен директоры Марат Стамқұловтың айтуынша, қазірдің өзінде спорт секцияларына 500 оқушы жазылған.

«Мен армрестлингпен бірнеше жылдан бері айналысамын. Енді жаңа кешенде жаттығатын боламын. Мұндағы залдар кең, жарық және жылы. Мұнда тек кәсіби спортшылар ғана емес, спорт демалысын ұнататындарға да келуге болатыны қуантады», - дейді №39 орта мектептің оқушысы Аяулым Құдайбергенова.


Соңғы жаңалықтар