Таразда дауылдан кейін қала тұрғындары жарықсыз және сусыз отыр

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Таразда күшті желден кейін қала тұрғындары сусыз және электр жарығынсыз қалды. Коммуналдық қызметтер дауылдың салдарын жою үшін күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

7 сәуірде қалада секундына 1520 метр жылдамдықпен жел соқты. Кей жерлерде жел қарқыны 25 м/с дейін жетті.

Облыс орталығының басым бөлігі жарықсыз қалды, бағдаршамдар жұмыс істемеді.

Электр қуаты өшірілген соң насос стансаларының жұмысы тоқтап, қаланың бір бөлігіне ауыз су берілмей қалды.

- Бірнеше тұрғын ағаш құлауы қатері жайлы хабар келді. Дегенмен «Жасыл ел Тараз» мамандары оқиға орнына барып, тексеру жүргізгенімен құлаған ағаштар тіркелген жоқ. Шатыр ұшқаны туралы шағымдар болған жоқ, соған қарамастан әкімдік қызметкерлері ғимараттарды тексеріп жатыр. Білім және денсаулық сақтау нысандарына қауіп төнген жоқ» деп мәлім етті қалалық медиа орталық.

Таразға жақын маңдағы Жамбыл ауданында Жамбыл ГРЭС-іне қарасты №157 және 158 стансаларында апат жағдайы қалыптасқаны белгілі болды. Осы себептен бірқатар көшелерде және мекемелерде жарық сөндірілген.

Бүгінде №157 стансада апат салдары жойылып, жұмыс толық қалпына келді. №158 стансада алты бригада жұмыс істеп жатыр.

Жарық берілгеннен кейін сумен қамту қызметі де ішінара іске қосылды.

Облыс әкімдігінің 109 арнайы қызметіне 72 шағым келіп түсті, оның 71-і қала мөлтекаудандарында электр қуатының өшуіне қатысты болды.

Арызданған тұрғындардың ішінде 32 мекенжай бойынша жарық берілді.


Соңғы жаңалықтар