Таразда дәмхана, мейрамханаларды бақылауға Ұлттық ұлан жұмылдырылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында карантин талаптарының сақталуын бақылау үшін құрылған 38 мобилді топ мүшелері жыл басынан бері 11 711 нысанды тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бір тәулік ішінде, құрылған топтар 11 рейд, 70 нысан, сауда үйлері, дәмхана, мейрамхана, сауда бутиктері және шаштараздарды тексеріп, тексеру барысында карантин талаптарын бұзған 12 деректі анықтады», делінген полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жалпы, 1 қаңтардан бастап барлығы 882 құқықбұзушылық анықталған.

Сонымен қатар бүгінгі таңда облыс аумағында барлығы (өсім бойынша) індетті жұқтырудың 15 000-нан астам дерегі тіркелді. Соңғы кездері Індеттің белең алуына байланысты оның алдын алу бойынша облыс орталығы Тараз қаласы аумағында кафе-мейрамханаларға қосымша 40 полиция және Ұлттық ұланның 5513 әскери бөлімінің 30 қызметкері жұмылдырылған.


Соңғы жаңалықтар